68303 ТЖМ әскери бөлімінің әскери қызметшісі мемлекеттік наградамен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын орындаудағы жанқиярлығы, сондай-ақ елдегі су тасқыны кезеңінде көрсеткен батылдығы үшін Мират Бекетов мемлекеттік награда «Ерігі үшін» медалімен марапатталды.
ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімі взводының командирі аға сержант Мұрат Бекетов ҚР Қарулы Күштерінде 2009 жылдың шілдесінен бастап қызмет етуде.
29-31 наурыз аралығында Абай облысы Бесқарағай ауданы Бозтал ауылында су басу қаупінің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге қатысты. Су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу барысында ол Бозтал ауылының су басқан үйлерінен Бесқарағай ауданының Бөдене ауылына мүлікті шығаруға көмек көрсетті, 4 адам мен 2 жануарды эвакуациялап құтқарды.
Абай облысы Көкпекті ауданы Көкжайық, Шұғылбай, Қарағандыкөл ауылдарында су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге қатысты. Оның қатысуымен Қарағандыкөл ауылынан Көкжайық кентіне 60 адамды тасымалдау үшін 30 рейс және 40 қорап азық-түлік жеткізу бойынша 15 рейс жасалды.
21 сәуір мен 7 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында тапсырманы орындады. Тұрақты орналасқан жеріне келген 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері команданың аға қызметкері Мират Бекетовтың басшылығымен бөгеттің жағалауын нығайту жұмыстарына және тұрғын үйлердің көшелері мен аулаларынан еріген қар суын сору жөніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға кірісті. Су тасқыны кезінде Орал қаласында 40 адам эвакуацияланып, заттарымен және мүлкімен құтқарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -