7 мамыр – Отан қорғаушылар күні!
7-мамырда бүкіл ел Отан қорғаушылар күнін мақтанышпен атап өтеді, бұл - Отанымыздың қауіпсіздігі мен қорғанысына жауапты азаматтардың мейрамы.
Осы мереке Қазақстан Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен және бүгінде осы абыройлы міндеттерін жалғастырып жүрген әскерилерге деген құрметіміз бен ризашылығымызды білдіріп қана қоймай, олардың бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан үлесінің маңыздылығын айшықтайды.
Біз барлық Отан қорғаушыларға, жауынгерлерімізге батылдығы, жанқиярлығы және қоғамымыздың қауіпсіздігі үшін өздерін құрбан етуге әзірлігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қызметтеріңіз – жоғары адамгершілік қасиеттердің, қайсарлық пен туған ел алдындағы адалдықтың үлгісі.
Барша Отан қорғаушыларды қастерлі мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бейбітшілік пен құт-береке тілеймін.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Артур Ластаев
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -