8 жылдан кейін: Ақтөбе татамиінде елдің түкпір-түкпірінен келген дзюдошылар бақ сынап жатыр
Бүгін -
Ақтөбеде
өтіп жатқан д
зюдодан Қазақстан чемпионаты
ның екінші күні
.
Бұл чемпионат жай ғана республикалық турнирден әлдеқайда маңызды. Себебі бұл жарыста медалдармен қатар, ел құрамасына кіру мүмкіндігі де сарапқа салынады.
Ақтөбе
татамиінде
сегіз жылдан кейін еліміздің түкпір-түкпірінен
келген
дзюдошылар
бақ сынауда
.
Соңғы рет осы спорт түрінен мұндай көлемдегі жарыс қаламызда 2016 жылы өткізілген-ді.
Биылғы
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында
ғы
Қазақстан чемпионаты 15-18 қараша аралығында
«
Қоныс
»
спорт кешенінде өтеді.
Дүбірлі додаға
17 облыстан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 510 дзюдошы қатысуда. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде медаль
үшін күреседі.
«
Ақтөбеде Дзюдодан Қазақстан чемпионатына
Олимпиада ойындарында жұмыс істеген
үш тәжірибелі халықаралық төреші
,
сондай
-
ақ Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) өкілі-ұйымның Бас хатшысы
шақырылды
. Олардың міндеті – жарыс
қа
объективті төре
лік ету
мен ашық
тықты
қамтамасыз ету. Мұндай мамандардың қатысуы ең алдымен қазақстандық спортшылардың деңгейін
дұрыс
бағалауға және чемпионат нәтижелеріне деген сенімділікті арттыруға ықпал етеді
»
, - деп атап өтті ҚР
Дзюдо
федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев.
Айбек Имашев сондай-ақ Ақтөбеде ел чемпионатының неліктен өткізіліп жатқанын түсіндірді.
«
Ақтөбе
өңірін
еліміздегі дзюдоны дамытудың маңызды орталығы
деуге әбден болады.
Мұнда ең мықты дзюдо мектептерінің бірі
негізі қаланды,
еңбек сіңірген жаттықтырушылар жұмыс істейді және аймақ көптеген
танымал
спортшыларды, соның ішінде әлемдік турнирлердің алғашқы жүлдегерлерін дайындады. Олардың ішінде дзюдодан әлем чемпионатының бірінші жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушылары бар. Қазақстанның халықаралық жетістіктеріне үлес қосқан Ақтөбе облысының дзюдодан басқа да табысты спортшылары аз емес. Дзюдо федерациясының облыстық өкілдігі Ақтөбеде чемпионат өткізуге
бастамашы
лық танытты
және бұл ұсынысты
Туризм
және спорт министрлігі қолдады
»
, - деп түсіндірді ол.
Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Шыңғыс Ш
оқпытов
тың айтуынша, чемпионатқа ақтөбелік дзюдошылар Жанарыс Рахметқали (66 кг), Есет Қуанов (73 кг),
Әді
лет Алматы (73 кг) қатыс
ып жатыр
. Облыс спортшылары барлық салмақ дәрежесінде ұсынылған.
Айта кету керек, чемпионат аралас командалық жарыстарды да қамтиды, олардың жеңімпазы Қазақстан Кубог
ін иеленеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -