АҚИҰ өкілдері А. Бараев атындағы АШҒӨО-да болды
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Берік Арын, АҚИҰ бағдарламалар және жобалар департаментінің директоры Али Зульфикар А. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты.
Сапар барысында қонақтар қазақстандық орталықтың жұмысын көріп, зертханада және егіс алқаптарында еңбектеніп жүрген ғалымдармен кездесу өткізді.
Орталықтың бірінші қабатында орналасқан көрмеде ғалымдардың жылдар бойы шығарған дәнді-дақылдардың жаңа сорттарымен танысып, жетістіктерін жоғары бағалады.
Оның айтуынша, ғылыми жұмыстардың арқасында шығарылған жүздеген жаңа сорттар ұжымның кәсіби деңгейін көрсетеді.
Кездесу қорытындысы бойынша АҚИҰ басшылығы ИЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты белгіленген бағыттарда кеңейту туралы ниетін білдірді және белгіленген уағдаластықтар шеңберінде одан әрі өзара тиімді серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
АҚИҰ-ның негізгі миссиясының бірі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдерге азық-түлік қауіпсіздігі бағытында туындайтын мәселелерді шешу жолында тиімді ұсыныс беріп, жаңа технологиялар енгізу.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -