АӨК-ДЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ АЛУШЫЛАРДЫҢ 88%-Ы ШАҒЫН БИЗНЕС САНАТЫНА ЖАТАДЫ
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығындағы несие алушылар – негізінен ірі агроқұрылымдарға бөлінетіні туралы ақпарат таралуда.
Алайда, бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды.
Ағымдағы жылы егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға алғаш рет 580 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге артық.
Бүгінгі таңда 5 мың АШТӨ 330 млрд теңгеге несие беріліп, бұл ретте кәсіпорындардың 88%-ы шағын бизнеске, 11%-ы орта кәсіпорындарға және қарыз алушылардың тек 1% - ы ірі кәсіпорындарға тиесілі. Бұл ретте қарыздар көлемі бойынша 60%-ы шағын шаруашылықтарға, ал ірі бизнеске бөлінген қаражаттың тек 16%-ы ғана тиесілі, қалған қарыз көлемін орта кәсіпорындар алды.
Естеріңізге сала кетейік, мұндай кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға құжаттарды тапсырудың қажеттілігінсіз жылдық 5%құрайды, ал кредит мерзімі – 12 айға дейін.
Бұдан басқа, кепіл тапшылығы, оның ішінде өткен жылғы несиелердің ұзартылуына байланысты мәселе «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігімен шешіледі. Кепілдік дала жұмыстарын жүргізуге арналған қарыз сомасының 85%-на дейін жабады. Бұл құрал шағын бизнес субъектілері арасында сұранысқа ие.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен басқа да мүдделі тұлғалардың назарын бордақылау алаңында ІҚМ біржолғы ұстау жөніндегі талаптарды 1000-нан 2000-5000 басқа дейін ұлғайту туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Мал шаруашылығын субсидиялау қағидалары (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2019 ж. №108 бұйрығымен бекітілген) субсидия алушы ІҚМ бордақылау алаңдары үшін ІҚМ кемінде 500 басының біржолғы сыйымдылығын қамтамасыз ету талабын қамтиды, яғни 2 немесе 5 мың бас емес.
Егер инвестициялық субсидиялау қағидалары туралы айтатын болсақ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бекітілген), онда қуаттылығы 5000 мал орнынан басталатын бордақылау алаңдарының құрылысы субсидияланады, бірақ бұл талап 2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өзгерген жоқ.
Осыған байланысты мемлекеттік қолдау алушылар үшін талаптарды арттыру туралы мәлімдемелер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дұрыс ақпарат емес және жоққа шығарылуы тиіс деп есептейміз. Фермерлерден бизнесті дезориентациялауы мүмкін жалған ақпарат көздеріне сенбеуін сұраймыз.
Сондай-ақ, осымен мал шаруашылығында біркелкі емес субсидиялау туралы таратылатын ақпаратты теріске шығарамыз.
Әлеуметтік желілерде асыл тұқымды шошқа шаруашылығы кәсіпорындарының инвестициялық субсидиялау қағидалары шеңберінде шығындарды өтеудің 80% -на дейін алғаны туралы ақпарат таратылады, бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Инвестициялық субсидиялау қағидаларымен (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.07.2018 ж. №317 бұйрығымен бекітілген) шошқа шаруашылығы бағытын қолдау мақсатында селекциялық-гибридтік орталық құру, шошқа өсіруге арналған объектілерді құру және кеңейту кезінде шығындарды 25% нормативпен өтеу көзделген.
Алынған ақпаратты қайта тексеруді, ресми дереккөздерге сенуді және сіз тапқан жалған немесе күмәнді ақпаратты ҚР АШМ баспасөз қызметіне жолдауды сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -