Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден алады
Биыл Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге төленетін төлемдердің мөлшері артты. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі таңда облыста 5 соғыс ардагері тұрады.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Олар 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -