АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2024 жылдың 5 айы бойынша шолу
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 19 250,04 млрд теңге. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] 19 123,58
млрд теңге
[2] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі – 76,96 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 49,5 млрд теңгеден асты.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 маусымға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 45,64%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,21%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,87%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,09%.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 65,20%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 34,80%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 647,77 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 102,65 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс сипат алып, 57,23 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау да теріс мәнге ие болды (46,81 млрд теңге). Басқа шығындар – 0,68 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы жалпы табыс оң нәтиже көрсетті.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылғы 1
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -