А. Сарбасов пен П. Торсти Қазақстанда ҰБЖ жетілдіру мәселелерін талқылады: Астана қаласы, 03 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

А. Сарбасов пен П. Торсти Қазақстанда ҰБЖ жетілдіру мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Еуропалық білім беру қорының директоры Пилви Торстимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстандағы Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамытуды, сондай-ақ «Орталық Азиядағы білікті жастарға арналған диалог және іс-қимыл» жобасын іске асыру шеңберінде кәсіби біліктілік саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Ақмәди Сарбасов өз сөзінде Қазақстанның ҰБЖ дамыту жөніндегі жетістіктері мен оның кадрлар даярлаудағы және еңбек нарығында мамандардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі туралы айтты.

Өз кезегінде Пилви Торсти министрліктің осы саладағы жоғары жетістіктері Қазақстан мен Еуропалық білім беру қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын ашатынын атап өтті.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық білім беру қоры Еуропалық Одақтың агенттігі болып табылады. Ұйым Еуропалық Одақтың көрші елдеріне білім беру, оқыту және еңбек нарықтарын реформалауда қолдау көрсетеді.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Еуропалық білім беру қорының директоры Пилви Торстимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстандағы Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамытуды, сондай-ақ «Орталық Азиядағы білікті жастарға арналған диалог және іс-қимыл» жобасын іске асыру шеңберінде кәсіби біліктілік саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Ақмәди Сарбасов өз сөзінде Қазақстанның ҰБЖ дамыту жөніндегі жетістіктері мен оның кадрлар даярлаудағы және еңбек нарығында мамандардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі туралы айтты.

Өз кезегінде Пилви Торсти министрліктің осы саладағы жоғары жетістіктері Қазақстан мен Еуропалық білім беру қоры арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын ашатынын атап өтті.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаласты.

Естеріңізге сала кетейік, Еуропалық білім беру қоры Еуропалық Одақтың агенттігі болып табылады. Ұйым Еуропалық Одақтың көрші елдеріне білім беру, оқыту және еңбек нарықтарын реформалауда қолдау көрсетеді.

Аймақтағы жаңалықтар