А. Сарбасов жұмыс сапарымен Абай облысына барады
2024 жылғы 31 қазан – 1 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Абай облысына барады, жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Кездесулер барысында әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек құқықтарын қорғау және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланады.
Бірінші вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 03.
Азаматтарды қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -