ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке қабылдады. Кездесу барысында вице-министр ғылым мен жоғары білім саласындағы негізгі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады.
Қабылдауға Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Азаматтар негізінен жоғары оқу орындары, жоғары білім алу және білімдерін тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Вице-министр әрбір мәселе бойынша толық түсініктеме беріп, министрлік жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол осы саладағы мәселелерді шешуде халықпен өзара әрекеттестіктің маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр тиісті департаменттерге түскен ұсыныстар мен шағымдарды қарап, оларды шешу мақсатында министрлік жұмысына енгізуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -