Астана өзінің медициналық мүмкіндіктерін Бейжіңдегі ірі көрмеде таныстырды
21 қарашада Қытайдың астанасында 22-ші Бейжің халықаралық медициналық туризм көрмесі (CMTF) ашылды. Оған Астанадан делегация қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – Қытайдағы медициналық туризм саласындағы ең үлкен оқиға. Көрме Қытайдың халықаралық көрме орталығында өтеді, оған 60 ел мен аймақтан 300-ге жуық медициналық мекеме мен мамандандырылған орталықтар қатысады.
Іс-шараны жетекші халықаралық ұйымдар, елшіліктер, туристік және медициналық бірлестіктер қолдайды.
Көрмеде Қазақстанның медициналық туризміне ерекше көңіл бөлінеді. Астананың іс-шараға қатысуы ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен Қытайдағы қазақстандық туризм жылы шеңберіндегі ресми іс-шаралар жоспарының бір бөлігі болды.
Астанадан барған делегация елорданың денсаулық сақтау саласындағы жоғары әлеуетін көрсете отырып, қаланың жетекші медициналық мекемелерін таныстырды. Көрмеге қатысу Қазақстанның медициналық туризм саласындағы ұстанымын нығайтуға және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -