Ақтөбе облысында орманды дала өрттерінің алдын алу бойынша брифинг: Астана қаласы, 17 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ақтөбе облысында орманды дала өрттерінің алдын алу бойынша брифинг

Брифингке Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Е.В Овчарский және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының орынбасары Н.Т.Қалдыбаев қатысты.

Өрт қауіпті кезеңінің басталуымен облыс аумағында тұрмыста, орманды және дала аймағында өрттер саны көбейіп келеді. Ақтөбе облысының аумағында 267 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% ға төмендеуі байқалады. Өрт қауіпті кезең басталуымен облысымызда 5 орман өрті тіркелді. Сонымен қатар 37 дала алқабының жануы орын алды.

Орман-дала өрттерінің, адамдардың қаза болуын және жарақаттану қаупін азайту мақсатында Департаментпен 8-14 шілде аралығында «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Өрттің алдын алу үшін 39 бірлескен мобильді топ құрылып, 431 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 591 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13-16 мамыр аралығында облыс аумағында «ӨРТ-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Осы іс-шара аясында орманды дала өрттерін сөндіруге бағытталған 57 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар ұйымдастырылды.

Өрттің алдын алу мақсатында әкімдіктер 171 елді мекенге іргелес аумақты тазартты. Елді мекендердің айналасында 469 км қашықтықта өртке қарсы жер жырту жүргізілді.

Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары кезеңде тұрмыстағы өрттердің туындау қаупі сақталады. Биік ғимараттардағы өрттер ерекше алаңдаушылық тудырады.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе мүліктің зақымдалуына ғана емес, адамдардың өліміне де алып келеді.

ТЖД облыс тұрғындарынан өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Брифингке Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Е.В Овчарский және Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының орынбасары Н.Т.Қалдыбаев қатысты.

Өрт қауіпті кезеңінің басталуымен облыс аумағында тұрмыста, орманды және дала аймағында өрттер саны көбейіп келеді. Ақтөбе облысының аумағында 267 өрт тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12% ға төмендеуі байқалады. Өрт қауіпті кезең басталуымен облысымызда 5 орман өрті тіркелді. Сонымен қатар 37 дала алқабының жануы орын алды.

Орман-дала өрттерінің, адамдардың қаза болуын және жарақаттану қаупін азайту мақсатында Департаментпен 8-14 шілде аралығында «Орман» профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Өрттің алдын алу үшін 39 бірлескен мобильді топ құрылып, 431 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 591 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

13-16 мамыр аралығында облыс аумағында «ӨРТ-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Осы іс-шара аясында орманды дала өрттерін сөндіруге бағытталған 57 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар ұйымдастырылды.

Өрттің алдын алу мақсатында әкімдіктер 171 елді мекенге іргелес аумақты тазартты. Елді мекендердің айналасында 469 км қашықтықта өртке қарсы жер жырту жүргізілді.

Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары кезеңде тұрмыстағы өрттердің туындау қаупі сақталады. Биік ғимараттардағы өрттер ерекше алаңдаушылық тудырады.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау көбінесе мүліктің зақымдалуына ғана емес, адамдардың өліміне де алып келеді.

ТЖД облыс тұрғындарынан өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды.

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Аймақтағы жаңалықтар