Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті
15 қараша басталған республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында «Қоныс» спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың жекелей сынына барлығы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады.
Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ, ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -