Ақтөбеде ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың Ақтөбе облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуі өтті
Кездесуді аша отырып, вице-министр өңірдің отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайға тоқталып өтті. Ақтөбе облысы өндіріс көлемі бойынша республикадағы төртінші мұнай өндіруші өңір екенін атап өтті.
Өңірде 2024 жылғы 4 айда мұнай өндіру 1,491 млн тоннаны құрады. Өңірде игеріліп жатқан кен орындарының көпшілігі игерудің соңғы сатысында, бұл кезеңде мұнай өндірудің жыл сайынғы табиғи төмендеуі байқалады.
«Жер қойнауын пайдаланушыларды қолдау және кен орындарының өмірлік циклін ұзарту мақсатында Энергетика министрлігі Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, өндірудің жаңа технологияларын дамытуға және енгізуге міндетті түрде қайта инвестициялау шартымен жетілген кен орындарын, оның ішінде салықтық сипаттағы қолдау шараларының топтамасын ұсыну мәселесін пысықтауда» - деді Ерлан Ақкенженов.
Жалпы, бүгінгі таңда облыста алынатын өнеркәсіптік мұнай қоры шамамен 194,4 млн тоннаны құрайтынын ақпарат үшін атап өткім келеді. Мемлекеттік теңгерімдегі газдың алынатын қорлары шамамен 165,6 млрд текше метрді құрайды.
Вице-министр көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталып өтті.
Барлығы 376,3 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Барлық өңірлерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін литріне 250 теңге баға болып белгіленді.
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін 7,3 мың тонна дизель отыны көзделген, бүгінде 7 мың тонна немесе 96 %-ы жөнелтілді. Сондай-ақ, өңірде қазіргі уақытта жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры бар.
«2024 жылғы 4 мамырда Энергетика министрінің бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеуге қатысты бұйрығы қабылданды. Бұл ретте Қазақстан азаматтары үшін отынның бөлшек бағасы өзгеріссіз қалады. Бұл бұйрық көрші елдерге отын ағынын азайту есебінен ішкі нарықта теңгерімді сақтауға мүмкіндік береді. Отынның үлкен көлемін шетелге әкету Қазақстанда Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында мотор отынына ең төмен бағалардың сақталуына байланысты»-деп түсіндірді вице-министр.
Өңірді газдандыру мәселесіне тоқталған Ерлан Ақкенженов жыл басында газдандыру деңгейі 94,4% құрағанын немесе облыстың 886 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізгенін атап өтті.
Биылғы жылы Ақтөбе қаласында магистральдық газ құбырының 3 желісін салу, Әйтеке би ауданының Сұлукөл (Ақтасты, Толыбай, Айке, Теренсай) ауылына газ құбырын жеткізу, Ойыл ауданының Қарақемер, Ақшатау, Шикұдық, Кемер, Ақкемер ауылдарына газ құбырын жеткізу сияқты ауқымды жобаларды іске асыру жалғастырылады.
Кездесу барысында вице-министр келесі айда сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын ұлғайту жоспарланғанын айтты.
Кездесу барысында вице-министр сондай-ақ келесі айда сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын көтеру жоспарланып отырғанын хабарлады.
«Сұйытылған мұнай газының белгіленген бағасының төмен болуына байланысты біздің Республикамызда отынның бұл түрін тұтыну артты. Негізгі себептердің бірі – баға айырмашылығына байланысты автомобильдердің бензиннен сұйытылған мұнай газына ауысуы. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 54 теңгені құрайды. Сондай-ақ облыс орталығынан 200 км қашықтықта шекті бөлшек сауда бағасы литріне 59 теңгені құрайды. Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Министрлік шекті бөлшек сауда бағасын 10 % - ға ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл 1 литр үшін 59-64 теңгені құрайды»-деді Ерлан Ақкенженов.
Вице-министр өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды мәселесіне тоқталды. Ол электр желілерінің тозу деңгейін төмендету және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында жалпы қуаты 96,4 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 3 объектісі жұмыс істейді, Бадамша 1 және 2 жел электр станциясы, сондай-ақ «Желэнерго» ЖШС. Сонымен қатар ЕRG компаниялар тобының жеке бастамасы шеңберінде Хромтау қаласының маңында қуаты 150 МВт жел электр станциясы жобасын іске асыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -