Ақтөбеде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерді абаттандыруға ақтөбеліктер белсене атсалысып жатыр.
3 шілде күні Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты.
«Экопатруль» іс-шарасы елімізде сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» акциясына полицияның зор үлес қосып отырғандығын көрсетті. Өткен үш айдың ішінде көпшіліктің жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесінде айналамыз тазарып қалды. Әркім өзі жүрген жерді таза ұстап, қаланы жайлы әрі әдемі етуге тырысуда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -