Ақтөбелік ветеринарларға құрмет көрсетілді
Елімізде алғаш рет ветеринариялық қызметкерлер күні атап өтілді. Бұл мереке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен ресми түрде бекітілді.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов өңір басшысы Асхат Шахаровтың атынан аймақтағы ветеринарлық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Бүгінде ауыл шаруашылығының дамуын ветеринария саласынсыз елестету мүмкін емес. Облыстың эпизоотиялық ахуалын сақтауда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ветеринариялық ұйымдардың еңбегі зор. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында облыста жылма-жыл ветеринария саласына бөлінетін қаржы өсіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға артып отыр. қалалық және аудандық ветеринариялық станциялар 55 автокөліктермен қамтылса, биыл қосымша 39 автокөлік табысталды. Жұмысты жетілдіру мақсатында 160 компьютерлермен, 142 планшеттер сатып алынды. Бұл салаға толыққанды көңіл бөлуді жалғастыра береміз», - деп сендірді Ғалымжан Елеуов.
Әкім орынбасары ветеринария саласының қызметкерлеріне еңбектері үшін алғысын білдіріп, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ облыстың бірқатар ветеринарын ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -