Ақтөбенің тұрғын алаптарында жол жұмыстары жалғасуда
Бүгін қала әкімі Азамат Бекет Жібек жолы елді мекенінің Ертарғын көшесінде жүріп жатқан жол құрылысы жұмыстарын қарады. Ертарғын көшесіне жол салуды мердігер мекеме “Жерұйық консалтинг” ЖШС өткен жылы міндетіне алды. Осыған дейін жерастымен өтіп жатқан инженерлік желілерді ауыстырып орналастыру жұмыстары жасалды. Қазір жолдың негізін төсеуге дайындық шаралары жасалуда. “Бұл Ертарғын көшесінің жолын тұрғындар көптен бері қозғап келеді. Биыл осы жаздан қалдырмай аяқтап тапсыруға тиіссіздер. Инженерлік желілерді қайта орналастыру және дала суларының бағытын бұру бойынша жобадан тыс туындаған кедергілер жұмыс барысында жедел шешімін табу керек. Бұдан әрі созуға мүмкіндік бермейміз», - деді Азамат Бекет. Қалалық ЖКХ бөлімінің басшысы Болат Серіковтың айтуынша, Ертарғын көшесінен бөлек, бұл тұрғын алапта Ж.Тәшенов көшесіне осы жазда орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Ал 1548 метрге созылған Ертарғын көшесінің жолы жаңадан салынады (бұрын бұл көшеде жол болған жоқ). Жолдың екі жағынан 2710 метр тротуар салынады және 54 дана түнгі шамдары бар тірек бағаналар 1,5 шақырымға орнатылады. Жұмыстарды мердігер қыркүйек айында аяқталап тапсыруға уәде берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -