Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны құрады
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 460,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 171,2%-ды құрады (2023 ж. - 269 мың тонна). Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады.
Оның ішінде:
метил-терт-бутил эфирі – 37,3 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,6% (2023 ж. – 33,1 мың тонна); полипропилен – 241 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 156% (2023 ж. - 154,1 мың тонна);- бензол – 26,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 133% (2023 ж. - 20 мың тонна);
- параксилол – 109,4 мың тонна 6 есеге ұлғайды (2023 ж. – 17,8 мың тонна);
майлау материалдары – 46,2 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,2% (2023 ж. – 43,9 мың тонна).
Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ЕО, ТМД, Қытай, Түркия, Ресей елдері болып табылады.
Сондай-ақ салада қуаттылығы жылына 305 мың тоннаға дейін бутадиен және оның туындыларын, полиэтиленді өндіру бойынша жобалар іске асырылуда, іске қосу мерзімі 2030 жылға дейін жылына 1 250 мың тонна.
Осылайша Министрлік мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан қосылған құны жоғары өнім шығаруға, яғни мұнай-газ-химиясы өнеркәсібін дамытуға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -