Абай ауданының тұрғындарына пәтер кілті табысталды
Абай ауданы Кеңгірбай би ауылында «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде салынған екі пәтерлі бір қабатты 6 үйдің құрылысы аяқталды. Баспана мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған 12 отбасына салтанатты түрде табысталды.
Іс-шараға аудан әкімі Мейіржан Смағұлов қатысып, қоныстанушыларды қуаныштарымен құттықтады.
«Жаңа баспана тек жақсылық, қуаныш әкелсін. Тұрғындарды баспанамен қамту үшін мемлекет тарапынан тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Біз бүгін соның куәсіміз. Ауданымызды, әр ауылды дамыту және тұрғындардың әл — ауқатын жақсарту — еліміздің тұрақты дамуының көрсеткіші», - деді аудан әкімі.
Биыл ауданда 70 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Өткен айда Медеу, Саржал және Қасқабұлақ ауылдарында 16 үй пайдалануға берілді. Қалған пәтерлерді кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -