Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы
2024 жылғы қаңтар-тамызында жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,9%-ға өсті және 348,2 млрд. теңгенi құрады.
Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.
Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 61,0%-ын құрады және 2023 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 13,5%-ға көбейді.
Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артты және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 39,0%-ын құрады.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 73,4%-ын азық-түлік емес тауарлары, 26,6%-ын азық-түлік тауарлары құрады.
Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 266,7 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,6%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,6%, Жарма ауданына –4,5%-дан, Үржар ауданына – 2,8%-дан,Бородулиха ауданына -2,5% -дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 2,1% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,4%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) ,1,2%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,7%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.
2024 жылғы қаңтар-тамызында көтерме сауда көлемі 202,5 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 117,0% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 69,9%-ды, азық-түлік тауарлары – 30,1%-ды құрайды.
Әдіснамалық түсініктемелер
Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.
Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі сауда статистикасы
Орындаушы:
Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысының м.а.: М.К.Каттебаева
Тел. +7 7222 362612
Баспасөз қызметі:
А.Б.Исатова
Тел. +7 7222 565732
Адрес:
071400, Cемей қаласы
Мәңгілік ел көшесі, 25
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңАбай облысы бойынша департаменті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -