Абай облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығуы
2024 жылдың 7 қарашасы Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.
Облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -