Қазақстан СОР29-да пластик қалдықтарын тұрақты басқару бойынша бастамалар көтерді
CОР29 аясында Әзербайжан тарапы ұйымдастырған «Климаттық тұрақтылық үшін пластикалық қалдықтарды тиімді басқару: қиындықтарды түсіну және мүмкіндіктерді іздеу»тақырыбында іс-шара өтті. Негізгі баяндамамен Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі М.Ошурбаев сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында вице-министр пластик қалдықтары тек экологиялық ғана емес, сонымен қатар климаттық проблема болып табылатынын атап өтті. Пластикті өндіру, пайдалану және кәдеге жарату парниктік газдардың жоғары шығарындыларымен байланысты, бұл көміртегі ізіне айтарлықтай үлес қосады.
Іс-шара барысында айналмалы экономиканы және қалдықтарды басқарудың инновациялық тәсілдерін енгізу үшін сектораралық ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -