Абай облысы шомылу маусымы бойынша брифинг өткізілді
Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті. Аталған іс-шараның спикері облыстың ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев болды.
Өз сөзінде ол облыс аумағында жаппай демалуға арналған 8 орын, оның ішінде 4 коммуналдық жағажай, Семей қаласында 2, Бесқарағай ауданында 1 орын, 1 орын Мақаншы ауданында белгіленгенін атап өтті. Курчатов қаласында және Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында коммуналдық жағажай ашу жұмыстары жүргізілуде.
Шомылуға тыйым салынған су объектілерінде 70 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 2 орын анықталған.
Департамент қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында кең профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 500-ден астам рейд жүргізілді, халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 12 мыңнан астам жадынама таратылды, 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 15 адам тартылды.
Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайықтарда 8 құтқару патрулінің кезекшілігі ұйымдастырылды, 28 жаяу патруль қойылды.
Бекеттер, патрульдер жүзу құралдарымен, Александров ұштарымен, құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, ысқырықтармен және дауыс зорайтқыш құралдарымен жабдықталған.
Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өз күштерін қате бағалау, мас күйінде болу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру нәтижесінде болады. Барлық адам өлімі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді. Соңында спикер азаматтар үшін, сондай-ақ ресми шомылу орындарының иелері үшін қауіпсіздік талаптарын жеткізді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -