Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады. Жиынға кеңсе қызметкерлері мен өңірлердегі өкілдер қатысты.
2024 жылдың 6 айында Уәкіл мен оның өкілдеріне 3148 шағым келіп түскен, бұл өткен жылдың жартылығындағы көрсеткішпен салыстырғанда (2318) 13%-ға көп. Өтініштердің басым бөлігі, яғни 611-і сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары шығарған шешімдермен келіспеу туралы. Екінші орында сот актілерімен келіспеушілік туралы өтініштер (392), олардың саны 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 31%-ға азайған.
Үшінші топ – сотталғандардың құқықтарының бұзылғаны туралы арыздар, олардың саны екі есеге дейін – 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 282-ден 490-ға дейін өскен. Бұл санатта мекеме қызметкерлерінің әрекетімен келіспеушілік (314), сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетпеу (114), шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтініштерді қанағаттандыруға жәрдемдесу (36), шарттардың мазмұнымен келіспеу (26) сияқты мәселелер қамтылған.
Жеке қабылдауда болған азаматтар саны да екі есеге дейін өсті. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 1609 жеке қабылдау (2023 жылы – 770) өтсе, оның 76-сын Уәкіл, 1533-ін республика бойынша өкілдіктер жүргізді. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің басым бөлігі сот қаулысымен келіспеу және әлеуметтік қамсыздандыру туралы.Сондай-ақ, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Уәкілдің өңірлердегі өкілдері түзеу, медициналық, әлеуметтік және білім беру мекемелеріне 329 рет барды. Оның қорытындысы бойынша құзырлы органдарға 546 ұсыныс жолданды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтардың құқықтарының сақталуы мен олардың жағдайын қадағалау мақсатында еліміздің 4 өңіріне қызметтік сапармен барып, бірқатар түзеу және әлеуметтік мекемелерді аралады. Омбудсмен Екібастұз қаласында орналасқа «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында болды. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ҚАЖК Павлодар қаласындағы No45, Қостанай облысындағы No39 және No41, Солтүстік Қазақстан облысындағы No51 мекемелерін аралады.
Сондай-ақ, Артур Ластаев Балалар омбудсмені Динара Зәкиевамен бірге Астана қаласындағы Балаларды қолдау орталығына және Алматы облысында орналасқан, кішкентай балалары бар сотталған әйелдер тұратын әйелдер колониясына (No10 мекеме) барғанын атап өту керек.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты халыққа құқықтық оқу-ағарту жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Есепті кезеңде барлығы 265 іс-шара ұйымдастырылып, 60 мыңнан аса адам қамтылды.
Сондай-ақ Уәкіл ҚР Үкіметіне маңызды бастамаларды ұсынды, олардың бірі – түзеу мекемелеріндегі сотталғандарға жоғары білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы болса, екіншісі – халықаралық стандарттарға сай етіп, көпсалалы аралас қауіпсіздік мекемелерін салу туралы. Бұл жобаларды жүзеге асыру бүгінгі таңда сотталғандар да, пенитенциарлық жүйе де тап болып отырған бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде қайта әлеуметтену, қылмыстың қайталануын азайту, түрме медицинасы, бизнесті тарту және т.б. бар.
Отырыс қорытындысы бойынша Артур Ластаев алдағы жұмыстарды және жүктелген міндеттерді уақытылы әрі тиісті түрде орындауға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -