Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі әскери қызметкерге тұрғын үй төлемін алуға көмектесті: Астана қаласы, 04 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі әскери қызметкерге тұрғын үй төлемін алуға көмектесті

Әскери қызметшінің әйелі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне тұрғын үй сатып алу үшін ақшалай өтемақы алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен хабарласты.

Арызданушының күйеуі қызмет еткен әскери бөлім Шымкент гарнизоны Әскери сотының 30 миллион теңгеден астам ақшалай өтемақы мен сот шығындарын төлеу туралы шешімін орындаудан бас тартқан.

Өз кезегінде Уәкілдің өңірдегі өкілі осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және Жамбыл облысы Әділет департаментіне өтініштер жолдады.

Нәтижесінде, әскери қызметшінің отбасына тиесілі өтемақы сомасы мен сот шығындары толық төленіп, заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаға сөгіс жарияланды.

Әскери қызметшілердің Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар тұрғын үй төлемдерін алуға, ипотекалық несиені пайдалана отырып, тұрғын үй-жайға меншік құқығын алуға, тұрғын үйді жалға алуға, кейіннен сатып алуға, бұрын алынған несиені өтеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және т.б. құқылы.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Әскери қызметшінің әйелі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкіліне тұрғын үй сатып алу үшін ақшалай өтемақы алуға жәрдемдесу туралы өтінішпен хабарласты.

Арызданушының күйеуі қызмет еткен әскери бөлім Шымкент гарнизоны Әскери сотының 30 миллион теңгеден астам ақшалай өтемақы мен сот шығындарын төлеу туралы шешімін орындаудан бас тартқан.

Өз кезегінде Уәкілдің өңірдегі өкілі осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және Жамбыл облысы Әділет департаментіне өтініштер жолдады.

Нәтижесінде, әскери қызметшінің отбасына тиесілі өтемақы сомасы мен сот шығындары толық төленіп, заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаға сөгіс жарияланды.

Әскери қызметшілердің Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар тұрғын үй төлемдерін алуға, ипотекалық несиені пайдалана отырып, тұрғын үй-жайға меншік құқығын алуға, тұрғын үйді жалға алуға, кейіннен сатып алуға, бұрын алынған несиені өтеуге, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және т.б. құқылы.

Аймақтағы жаңалықтар