Агенттік Басқармасының және Ұлттық Банктің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен қаулысын бекіту туралы
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Ұлттық Банкпен бірлесіп «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (бұдан әрі – ЖТСМ) шекті мөлшерін төмендетуді көздейтін бірлескен қаулыны (2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45) қабылдады.
Бірлескен қаулы ағымдағы жылы 19 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру үшін қабылданды.
Бірлескен қаулымен ЖТСМ-нің шекті мөлшерлері банктердің кредиттері және микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттері бойынша мынадай мәндерге дейін төмендетілді:
– кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ 56%-дан 46%-ға дейін төмендетілді;
– кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ 40%-дан 35%-ға дейін төмендетілді;
– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ – 25%;
– микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттері бойынша ЖТСМ 56%-дан 46%-ға дейін төмендетілді.
Заңмен 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін 50 АЕК (184 600 теңге) дейінгі сомадағы микрокредиттерді реттеудің ерекше тәртібі жойылды. Бұған дейін осы микрокредиттер бойынша шекті ЖТСМ-ді шектеудің орнына кредит мерзіміне номиналды мөлшерлеменің шекті мөлшері күніне 1%-ға дейін, бірақ 45 күнде 20%-дан аспайтын мөлшерде белгіленді, жылдық тиімді есептеуде бұл 339% және одан жоғары болған.
Осыған орай микрокредиттер бойынша бірлескен қаулымен 45 күнге дейін сыйақы мөлшерлемелері бойынша шектеулер қатаңдатылды:
– бір күндік номиналды мөлшерлеме 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендетілді;
– шекті ЖТСМ 179%-дан аспайтын мөлшерде енгізілді.
Қарыз алушылардың борыш жүктемесін шектеудің қосымша шарасы ретінде мұндай микрокредиттердің шекті сомасы 50 АЕК-тен (184 600 теңге) 45 АЕК-ке (166 140 теңге) дейін төмендетілді.
Бұл өзгерістер банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді төмендетуге мүмкіндік беріп, халықтың борыш жүктемесін және шамадан тыс кредит алуын азайтуға ықпал ететін болады.
Бірлескен қаулының қабылдануына байланысты Агенттікпен 2024 жылғы 19 тамыздағы № 64 қаулы қабылданып, мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылды:
– «Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 377 қаулысының;
– «Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 209 қаулысының күші жойылды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -