⚡️ Агенттік ЭЫДҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісіне қатысты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына кіретін мемлекеттермен тәжірибе алмасу бойынша жұмысты жалғастыруда.Қазан айының соңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Д.Ғ. Құрақбаев бастаған делегация Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының 14-ші кездесуіне қатысты.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының парақорлық жөніндегі жұмыс тобының құрылымына кіреді, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы реформаларды қолдайды және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен, сондай-ақ басқа да өңірлер және ұйымдармен ынтымақтастықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желіге мүше елдер арасында практика және үздік тәжірибелер алмасуға ықпал етеді.Кездесуге қатысушыларға Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, ГРЕКО ұсынымдарын және БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелерін имплементациялау жөніндегі халықаралық міндеттемелерден туындайтын стандарттарды іске асыруға бағытталған Қазақстанның жемқорлыққа қарсы реформалары таныстырылды. Кездесуде құқық қорғау органдары мен журналистердің жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеудегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Бағдарлама сондай-ақ құқық қорғау органдарының сараптамалық қаржы және ақпараттық бөлімшелерінің жұмысын, олардың жемқорлық қылмыстарды анықтау мен тергеудегі рөлін, оларды талдау нәтижелерінің мазмұны мен іс жүргізу мәртебесін, ведомствоішілік деңгейде де, ведомствоаралық ынтымақтастық арқылы да ақпарат алмасуды таныстыруды және талқылауды көздеді.Жеке сессия өкіметтің жоғарғы эшелондарындағы жемқорлық қылмыстарды тергеу мәселелерін талқылауға арналған, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі елдерінің және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс тобының кейбір елдерінің оң тәжірибесі зерттелген._ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -