АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу: Астананың тәжірибесін Қарақалпақстан дәрігерлері дәрігерлері зерттейді
Елордалық мамандардың АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша тәжірибесін зерделеу аясында қонақ ретінде Қарақалпақстаннан Республикалық ЖИТС орталығының дәрігерлері келді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Дөңгелек үстел барысында Қарақалпақстан Республикасы ДСМ Республикалық ЖИТС орталығы мен елордалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
«Біз қонақтарымыздың елордада АИТВ-инфекциясы бойынша іс-шараны ұйымдастыру және оны зерттеу бойынша қызығушылығын жоғары бағалаймыз. Біздің тәжірибеміз сіздерге АИТВ-инфекциясымен одан әрі күресуге көмектеседі деп үміттенеміз», – деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына арналған жолдауында «Адамдар – еліміздің басты құндылығы» деп, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды іске асыру қажеттігін атап өтті.
Мұндай бағыттардың бірі – АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу.
Жыл сайын қала тұрғындарының 25%-дан астамы АИТВ-ға тестілеуден өтеді, соның арқасында аурудың 80%-дан астамы бірінші және екінші кезеңде анықталады, бұл пациенттердің антиретровирустық терапияға қолжетімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл туралы қалалық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Қанат Асқаров «ЮНЭЙДС-тің «95-95-95» көрсеткіштеріне қол жеткізу стратегиясы: АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу» дөңгелек үстелінде хабарлады.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған АИТВ-инфекциясының алдын алу айлығы аясында өтті.
Бүгінгі таңда Астанада АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін және өз мәртебесі туралы білетін адамдардың жалпы саны шамамен 2700 адамды құрайды.
Анықталған жағдайлардың 60%-дан астамы 20-39 жас аралығындағы адамдарға тиесілі. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясын тегін емдейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -