Қайсарлық көрсеткен азаматтың ерлігі атап өтілді
ШҚО ТЖД бастығы Өскемен қаласының тұрғыны Кенже Бақытбековты салтанатты түрде алғыс хатпен марапаттады. «Шұғыл жағдайда көмекке келу – ол қайсарлық пен батылдық. Нағыз ер азаматтың ерлігі. Әсіресе қауіпті жағдайларда адамдардың жақсы қасиеттері жарқын көрінеді», - деп атап өтті бастығы Р. Блялов.
Еске салайық, 2024 жылғы 10 маусымда құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында, сондай-ақ Самар ауылы жанындағы Бұхтырма су қоймасында Кенже Бақытбековтың көрсеткен көмегінің арқасында судан жасөспірімдер құтқарылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -