Алға аудандық мәслихаты жаңа аудан әкімінің кандидатурасын қолдады
Бүгін, 25 қараша күні Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов қатысты.
Отырыс барысында өңір басшысы Алға ауданы әкімінің лауазымына Шүйіншалиев Асланбек Серікұлын тағайындауға ұсыныс білдірді, өмірбаянымен таныстырды. Мәслихат депутаттары облыс әкімін қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді.
Облыс әкімі Асхат Шахаров, депутаттар жаңа аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат Алға ауданы мәслихатының сайтында жарияланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -