Ақтөбеде ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды
Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай, осы салада тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарды қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин құттықтады. Ол қала аумағында еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарының басшылары мен озат жұмысшыларына қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
Атап айтқанда, «Бексұлтан» шаруа қожалығының, «Темір Тұлпар Батыс» ЖШС, «Еламан 2014» ЖШС, «Дала Ел» мал сою кешенінің, «Победа» шаруа қожалығының, «АктобеАгроКом» өндірістік кооперативінің, «Байтаза» шаруа қожалығының, «Елубай» шаруа қожалығының, «Бәйтерек Агро» шаруа қожалығының, «Izet Greenhouse» ЖШС ұжымдары және «БолатЛТД» ЖШС құрылтайшысы Асқарбек Мамырбаев, бал арасын өсіретін омарташы Светлана Водяная, «Тіленші» шаруа қожалығының басшысы Жаңбырбай Сартов, «Құмсай» шаруа қожалығының ветеринары Жұлдыз Макетай, «МТС Бірлік» шаруа қожалығының механизаторы Владимир Стрельцов, «Амир АГРО 2017» ЖШС директоры Әділет Қазиев, Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Рахметулла Сейтов марапатталды. Салтанатты жиын соңында Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Тоқболатов сөз сөйлеп, қаланың ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қосқан үлестері үшін жиналғандарға ризашылығын жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -