Алқабилердің сот талқылауына қатысу шарттарының Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі Конституциялық Соттың отырысы өтті
Конституциялық Сотқа азаматтың Қылмыстық-процестік кодекстің (ҚПК) 645-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.
Осы нормаларға сәйкес, егер алқабилердiң қайсыбiреуiнiң сот отырысына қатысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы кеңесу бөлмесiне кеткеннен кейiн анықталса, онда судья мен алқабилер сот отырысы залына кiрiп, алқабидi қосалқы алқабимен ауыстыруға және қайтадан кеңесу бөлмесiне кетуге тиiс. Егер шығып қалған алқабиді қосалқы алқабимен ауыстыру мүмкіндігі болмаса, төрағалық етуші өткен сот талқылауын жарамсыз деп жариялайды және алқабиге кандидаттарды алдын ала таңдау кезеңіне қайтарады. Алқабидi шеттетудi төрағалық етушi тараптардың қатысуымен жүзеге асырады, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады. Сонымен бірге, кез келген алқаби осы Кодекстiң 647-бабының төртiншi бөлiгiнде белгiленген шектеулердi сақтамаған жағдайда, iстi қараудың кез келген кезеңiнде iске одан әрi қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.
Өтініш берушінің пікірі: Өтініш иесі ҚПК кеңесу бөлмесінде алқабилерді ауыстыру шегін реттемейді, бұл судьяға кең дискрециялық өкілеттіктер береді және судья мен алқабилер арасындағы «Алқабилер туралы» Заң мен ҚПК кепілдік берген теңдікті бұзады деп санайды. Сонымен қатар, тек отырыстың хаттамасында жазылатын судьяның шешіміне шағымдану тәртібінің болмауы өтініш берушінің сот арқылы қорғалу құқығын шектейді.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар: Өтініш иесінің, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері, сарапшы.
Баяндамашы судья: Мусин Қ.С.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -