Алаш тас жолының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 1 қыркүйектен бастап Алаш тас жолындағы көпір ("Өркеш көпір") арқылы қозғалыс толық қамтамасыз етілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұған дейін көпірдің сол жағындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты автокөлік құралдары үшін жабылған болатын. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -