Алаяқтар сіздің атыңызға кредит ресімдеді: мұндайда не істеу керек?
Сіздің атыңызға кредит ресімделгенін қалай білуге болады?
Ол үшін кредиттік тарихыңызды жиі тексеріп тұру қажет. Есепті Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚКО-дан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады.
Кредиттік тарихыңызды тоқсан сайын кемінде бір рет тексеріп тұрған жөн.
Алаяқтар кредит ресімдеген жағдайда не істеу керек?
қарыз ресімделген кредиттік ұйымның атауын біліп, онда өтінішпен жүгініңіз; кредитордан міндетті түрде ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізуді талап етіңіз; шарттың, оған қосымшалардың және жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақша аударылған шот деректемелерін талап етіңіз; кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылаңыз; құқық қорғау органдарына өтініш беріңіз.
Маңызды: Құқық қорғау органдары өтінішіңізді тіркеуі керек. Сонымен қатар сізде қалатын өтініштің көшірмесінде құжаттың қабылданған күні көрсетілген тіркеу нөмірі болуы шарт.
Кредиттік ұйым құжаттарды бермесе не істеу керек?
Мұндайда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағыммен жүгіну керек.
Егер кредиттік ұйым ақшаны сіздің жеке куәлігіңіз бойынша алаяқтар алғанын дәлелдей алмаса, орналасқан жері бойынша сотқа мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арызбен жүгіну қажет.
Егер сот сіздің пайдаңызға шешім шығарса, онда кредиттік ұйым:
сізден қарыз төлеуді талап етуді тоқтатуға; берешекті есептен шығаруға;Маңызды: қарыз берген ұйым кредиттік бюроға сіздің несие тарихыңыздан басқа біреудің қарызы бойынша ақпаратты алып тастау туралы хат жіберуге міндетті.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz сайтынан таныса аласыздар.
Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -