Алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,4% деңгейінде болжанып отыр: Астана қаласы, 27 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алдағы 5 жылда Қазақстан экономикасының орташа жылдық өсімі 5,4% деңгейінде болжанып отыр

Үкімет отырысында еліміздің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған трансферттердің параметрлері қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, болжам халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулерін, сыртқы тауар нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылған. Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес әлемдік экономика 2025 жылы 3,3%-ға өседі. Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша консенсус-болжамы 2025 жылы барреліне 78 АҚШ долларын құрайды.

«Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценарийі қалыптастырылды. Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 АҚШ доллары деңгейінде ұсынылады. Болжам бойынша 2025 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 5,6%, 5 жыл ішінде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 5,4%-ды құрайды. Инфляция деңгейі 2025 жылы 5,5-7,5%, 2026 жылы 5-6% деңгейінде айқындалды, кейіннен 2027–2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді», - деді Н.Байбазаров.

Бұған қоса, макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы қалыптастырылды.

Республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) болжамдар бойынша 2025 жылы 15,6 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 10,4%, 2026 жылы – 16,7 трлн теңге немесе ЖІӨ-ге 9,9%, 2027 жылы – 18,2 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ге 9,6% құрайды. 2025 жылы 3 250 млрд теңге көлеміндегі нысаналы трансферт әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ өңірлік өсу деңгейін қолдауға бағытталатын болады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41,0 – 39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді.

Осыны ескере отырып, 2025–2027 жылдары республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды.

Ақпарат көзі: Министерство национальной экономики Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар