Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық
Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері облыс әкімінің орынбасарымен бірлесіп Бұқар жырау және Нұра аудандарындағы су басу қаупі бар аймақтарын аралау жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында Ғ.Мұстафин атындағы ауылда, Бұқар жырау ауданының Чкалово, Садовое, Қызыл-Жыр ауылдарында, Қантай, Кертенді, Ақмешіт Мыңбаев ауылдарында және Нұра ауданы Нұра ауылында болды.
Тексеру барысында ТЖД басшысы мен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстарды бағадап, ұсыныстар берді.
Жалпы облыстың елді мекендерінде су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар аяқталды, 55 елді мекенде 150-ден астам іс-шара жүзеге асырылды, оларда 50 шақырымға жуық қорғаныш қорғаны салынып, нығайтылды, 49 тас жол учаскелеріндегі су өткізу қабілеті ұлғайтылды, 18 шақырым су басу қаупі бар өзен арналары қалпына келтірілді, 6 шақырым су бұру арналары тазартылды.
Бүгінде Шет, Абай және Қарқаралы аудандарында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -