Алматыда 955 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталды: Алматы қаласы, 02 Желтоқсан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда 955 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталды

Алматыда Satpaev University студенттері үшін салынатын тоғыз қабатты жаңа жатақхананың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Жаңа жатақхана 319 тұрғын бөлмеден тұрады және 955 студентке арналған. Тоғыз қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 11 мың шаршы метрден асады, ал құрылыс алаңы – шамамен 1 гектар. Сондай-ақ, 15 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Аталмыш жатақхана жоспар бойынша 2026 жылы студенттерге пайдалануға берілмек.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2024 жылы 4500 төсектік 16 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, оның ішінде 1600 орындық 6 нысан оқу жылының басына дейін пайдалануға берілді. Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылы Алматыда 4000 жаңа төсек-орын ашылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінген.

Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматыда Satpaev University студенттері үшін салынатын тоғыз қабатты жаңа жатақхананың іргетасына капсула салу рәсімі өтті.

Жаңа жатақхана 319 тұрғын бөлмеден тұрады және 955 студентке арналған. Тоғыз қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 11 мың шаршы метрден асады, ал құрылыс алаңы – шамамен 1 гектар. Сондай-ақ, 15 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Аталмыш жатақхана жоспар бойынша 2026 жылы студенттерге пайдалануға берілмек.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше 2024 жылы 4500 төсектік 16 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, оның ішінде 1600 орындық 6 нысан оқу жылының басына дейін пайдалануға берілді. Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылы Алматыда 4000 жаңа төсек-орын ашылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінген.

Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.

Аймақтағы жаңалықтар