Алматыда қауіпті мореналық көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары басталды
Алматы қаласының тауларында 51 мореналық және мұздық көлдер бар
Жыл сайын сел қаупі кезеңде "Қазселденқорғау" мамандарымен Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде аса қауіпті мореналық көлдерді судан босату бойынша алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
Мореналық көлдерден жиналған суды өздігінен ағызу үшін сифонды құбырлар салынып, су ағызу арналары тереңдетіліп, өнімділігі жоғары насостар орнатылады.
Аталған жұмыстарды жүргізу үшін қала әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен, сонымен қатар 1000 метрден астам полиэтилен құбырларын сатып алу және оларды орнату, морена көлдерінің эвакуациялық арналарын тазарту және тереңдету жұмыстарына қаржы бөлінді.
Ағымдағы жыл алдын алу жұмыстарын жүргізілуі Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай өзендері бассейндеріне 6 аса қауіпті мореналық көлдерде жоспарлануда, олар:
Ақсай өзенінің бассейнінде №8, №9, №10 көлдер Үлкен Алматы басейнінде: №10, № 13 көлдер Кіші Алматы: №6 көлі Қауіпті мореналық көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.
Сел қаупінің күнделікті бақылау үшін қосымша 13 бекет ашылды, "Қазселденқорғау" мекеме базасында шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін авариялық бригада құрылды (34 адам және 19 арнайы техника).
Сел ахуалы министрдің жеке бақылауында сонымен қатар, ТЖМ дағдарыстық жағдайларды басқару орталығында тәулік бойы жұмыс істеуде .
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -