Алматыда орман ресурстарын сақтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Алматы қаласында 8-14 шілде аралығында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу бойынша мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, «Орман» профилактикалық іс-шарасы өткізілді, оның шеңберінде ТЖД, ЖПҚ және орман шаруашылығының аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің арасынан бірлескен мобильдік топтар құрылды.
«Мобильдік топтармен 62 рейд жүзеге асырылды, 5 мыңнан астам жадынама табыс етілді, 27 от жағудың жолын кесті, жалпы сомасы 1,4 млн теңгеден астам сомаға 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Алматы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев.
Рейдтік іс-шараларды жүргізу үшін тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жабдықталған пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар), құлақтандыру құрылғысы, ат және жаяу патрульдер қолданылады.
«Өрт қауіптілігі жоғары кезеңде өртті сөндіруді қамтамасыз ету үшін Алмаарасан шатқалында өрт сөндіру қызметі механикаландырылған күзет ұйымдастырды. Сондай–ақ, орман-саябақ және тау бөктеріндегі алаптарда жиынтық жасақ құрылды, жиынтық жасақ ретінде тәулік сайын жеке құрамның 13 адамы және 2 бірлік техника кезекшілікке алынады», - деді Е.Жұматаев.
Бұдан басқа, табиғи өрттердің алдын алуды автоматтандыру, сондай-ақ ықтимал орман өрттерін ерте анықтау мақсатында «Медеу» МӨТП аумағында оптикалық-сенсорлық телевизиялық бақылау камералары жұмыс істейді.
Аудандық бөлімшелер әкімдіктермен бірлесіп құрғақ өсімдіктерді шабу және минералданған жолақтар құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда шамамен 202 га шабылды, ұзындығы 83 км-ден асатын минералданған жолақтар құрылды.
ӨКҚ спикері таулы жерлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде өрттер тіркелмегенін атап өтті.
«Құрғақ өсімдіктердің жану саны үш есеге азайып, 54 жануды құрады құрады», - деп қосты ол.
Брифингке қатысқан Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау майоры Дарын Мұқанов табиғи өрттер көп жағдайда адами фактор себебінен болатынын атап өтті.
Жанудың негізгі себептері халықтың отпен абайсыз жұмыс істеуі және тұрмыстық қоқыстармен күн сәулесінің әсерінен пайда болатын «үлкейткіш әйнек эффектісі» деп аталатын құрғақ заттың өздігінен жануы болды (әйнек бөтелкелері, әйнек сынықтары және т.б.). Қала тұрғындары мен қонақтарын отқа өте мұқият болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -