Алматыда Орнықты даму саласындағы мақсаттарды жүзеге асыру бойынша Солтүстік пен Орталық Азияның сегізінші көпжақты форумы өтуде
2017 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) ұйымдастырған аталмыш жыл сайынғы іс-шара 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін әрі оның 17 орнықты даму мақсатын (ОДМ) жүзеге асыруға ықпал етеді.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов өзінің алғы сөзінде ОДМ-ға қол жеткізу Қазақстанның ұлттық басымдығы болып табылатынын атап өтті.
«Еліміз БҰҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін ұстанады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға үлес қосады, халықаралық мәселелерді шешу үшін өз алаңын ұсынады. Барлық халықтармен, соның ішінде экономикалық, мәдени және гуманитарлық салаларда достық қарым-қатынастарды белсенді дамытуда» - деп қосты вице-министр.
Ол сондай-ақ ОДМ іске асыру үшін тату көршілік, серіктестік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген өңірлік ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Форум қарсаңында Солтүстік және Орталық Азия елдері үшін ерікті ұлттық шолуларды дайындау бойынша семинар өтті, онда Әлеуметтік сала, құқық қорғау және арнайы органдарды дамыту департаментінің директоры Нұргүл Жанназарова еліміздің осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісті.
Оның айтуынша, Ұлттық шолуды дайындау кезінде Қазақстан халықтың әртүрлі санаттарымен яғни, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен әрі халықаралық серіктестермен бірқатар консультациялар циклін өткізуді жоспарлап отыр. Өңірлер бойынша тұрақты дамудың басым бағыттары айқындалады деп күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -