АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен «Тұран» университетінде Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (CESS) Халықаралық конференциясының пленарлық отырысы өтті. Пленарлық отырыста 110-ға жуық секциялар жұмыс жасады.
Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамы – Еуразиялық аймақтың, оның ішінде Орталық Азия елдерінің және олардың көршілес мемлекеттері мен аумақтарының зерттеушілерін біріктіретін үкіметтік емес ұйым. Жыл сайын өткізілетін CESS конференциясы аймақта алғаш рет өтті.
Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен (АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Португалия, Германия, Қытай, Сингапур, Жапония және Орталық Азия елдері) Еуразия елдері мен халықтарының тарихын, мәдениетін және заманауи дамуын зерттейтін 420-дан астам ғалымдар қатысты. Іс-шара аясында тақырыптық сессиялар мен дөңгелек үстелдерден бөлек, кеңестік Қазақстан тарихын зерттеуші, Мэриленд университетінің (АҚШ) профессоры Сара Кэмерон және кинотанушы, Тұран университетінің профессоры Гүлнар Әбікеева баяндама жасады.
Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушыларға қызықты мәдени бағдарлама, оның ішінде К.Кужамьяров атындағы Ұйғыр академиялық музыкалық комедия театры әртістерінің қойылымдары, Қазақстан Суретшілер одағы мен Қолөнершілер одағы мүшелерінің жұмыстарының көрмелері, Іле Алатауына арналған фотокөрме, Орталық Азия жоғары оқу орындарының бағдарламаларының тұсаукесері ұсынылды. Конференцияда қазақстандық және қырғыз режиссерлерінің соңғы фильмдері де көрсетілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -