Алматыда әскер балуаны Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатынан жеңіспен оралды
Халықаралық әуежайда әлем чемпионы ефрейтор Нұрқожа Қайпановты Армияның орталық спорт клубының басшылығы, әріптестері мен достары қарсы алды.
Спортшы олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты өткен Албаниядан ұшып келді, онда ол әріптесі кіші сержант Жәмилә Бақбергеновамен бірге ел намысын қорғады.
Еркін күрестен Қазақстан командасы көшбасшыларының бірі ефрейтор Нұрқожа Қайпанов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов Қызылорда облысы Арал қаласының тумасы. 2021 жылы АОСК ротасында мерзімді әскери қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Алматыдағы Армия орталық спорт клубы филиалы оқу-жаттықтыру орталығы штаттық командаларды даярлау бөлімі еркін күрес командасы бөлімшесінің спортшы-нұсқаушысы болып қызмет етеді.
Қазір Нұрқожа Қайпановтың қоржынында Азия чемпионатының екі "алтыны" және "күмісі", әлем чемпионатының "алтыны" мен "күмісі" бар. Айта кетейік, Нұрқожа еркін күрестен қазақстандық екінші әлем чемпионы.
Кіші сержант Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтынға таласта Жапониядан келген спортшы Ами Ишииге есе жіберіп, "күміске" ие болды. Бұл спортшының күрестен әлем чемпионаттарынан алған төртінші медалі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -