Алматыда Тұңғыш Президент, «Атакент» және «Южный» саябақтары абаттандырылады
Алматыда Бостандық ауданындағы қоғамдық кеңістіктер мен субұрқақтарды реконструкциялауға және абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.Қаланың тарихи бірегейлігін ескере отырып, қоғамдық кеңістіктерді сапалы қайта құру мақсатында Тұңғыш Президент саябағын,КҚКО «Атакент» аумағын, «Южный» саябағын, Нұр-Алатау шағын ауданындағы скверді қайта жаңарту мен абаттандыруға, Цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойындағы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Студенттер сарайының алдындағы субұрқақтарды күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жүргізілуде. Жобалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы осы жылдың желтоқсан айында шығады деп күтілуде.Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар белсенді түрде жалғасуда. Ағымдағы жылы жаяу жүргіншілер,серуендеу және саябақ аймақтарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жөндеу, ауданды абаттандыру бойынша 50 жобаны іске асыру үшін 2,8 млрд теңге бөлінді.Қыркүйек айының соңына қарай Байзақов пен Тұрғұт Өзал көшелерінің арасындағы Абай даңғылы бөлу жолағының жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын абаттандыру аяқталады, онда Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала тұрғындары үшін жайлы атмосфера пайда болады.Жалпы Алматыда ағымдағы жылы «ХҚБ» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -