Алматының Наурызбай ауданында 10 жылда алғаш рет денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Алматының Наурызбай ауданында алғашқы денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. 2014 жылы аудан құрылғаннан бері бұл осындай алғашқы спорт нысаны болады.ДСК құрылысының басталуы конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған. Онда бассейн, әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секцияларына арналған залдар: ойын түрлері, жекпе-жек, бокс, күрес қарастырылады.Өткізу қабілеті күніне кемінде 500 адамды құрайды. Бұл ретте спорт кешені ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімделеді.Сонымен қатар, Ақжар ш/а-да ДСК салу жоспарлануда. Осы жылдың соңына дейін резервтік магистральдық сумен жабдықтау және кәріз желілері салынады. Ал, 2025 жылдың I тоқсанында объектінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -