Алматы облысында БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді
2024 жылғы 9 тамызға қараған түні Алматы облысы Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында БАҚ өкілдерінің қатысуымен түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Құтқарушылар тәуліктің қараңғы уақытында суда шомылатын заң бұзушыларды анықтау үшін дауыс зорайтқыштармен және тепловизорлармен жабдықталған дрондарды пайдалана отырып, қалалық жағажайлардың жағалауларына патрульдеу жүргізді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін күн сайын 100-ге жуық құтқарушы су айдындарын патрульдейді.
Шомылу маусымы басталғаннан бері ТЖД қызметкерлері облыстың су айдындарында 7 мыңға жуық рейд жүргізді және 200-ге жуық тұрғынына судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін миллиондаған айыппұл салынды.
Рейд қорытындысы бойынша судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 217 адам жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұлдардың жалпы сомасы (су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 3 млн. теңгеден астам
ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -