Алматы облысындағы «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы
Ағымдағы жылдың 22-28 шілде аралығында облыс аумағында сауда орталықтары мен сауда-ойын-сауық кешендеріндегі өрт қауіпсіздігі жүйесін жақсартуға бағытталған «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Аталған іс-шара жергілікті атқарушы органдардың және еріктілер ұйымдарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Акция аясында ірі сауда кәсіпорындарының иелерімен және жалға алушыларымен кездесулер өтті. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде ұстау, өрттен қорғау жүйелеріне тұрақты қызмет көрсету, электр сымдары мен өртке қарсы су құбыры жүйелерін қолдануы, сонымен қатар, эвакуациялаудың еркін жолдарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
ТЖД объектілер басшысына өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын сақтау туралы еске салады, атап айтқанда:
- алғашқы өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде және қажетті мөлшерде болуы;
- өрттен қорғау жүйелеріне регламенттік жұмыстарды бойынша қызмет көрсету;
- зақымдалған оқшаулағышы бар электр сымдарын пайдалануға жол бермеу;
- ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбыры жүйесін жарамды күйде ұстауға;
- эвакуация жолдарында бөгеттердің болмауы;
- темекі шегетін орынды анықтаңыз;
- жұмыс күні аяқталғаннан кейін электр жабдықтарын токтан ажырату тәртібін анықтау.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -