Алматы облысындағы брифинг
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы бойынша брифинг өтті, ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Александр Пархоменко сөз сөйледі.
Брифинг барысында адамдар жаппай болатын объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар айтылды және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
Алматы облысының аумағында барлығы 68 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 49 сауда үйі және 17 әмбебап базар.
Осы объектілерде өрттерді болдырмау мақсатында облыс аумағында жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» ҰКП, еріктілер ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде осы санаттағы объектілерде профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Осы акция аясында сауда объектілерінің иелерімен 36 кездесу, объектілерді жалға алушылармен 59 кездесу ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша сауда павильондары мен үй-жайларды 728 жалға алушымен ақпараттандырылып, нұсқаулықтар өткізілді, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 960 ұсыныс берілді.
Осыған байланысты объектілер басшысының өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын сақтауын еске салғым келеді, атап айтқанда:
- алғашқы өрт сөндіру құралдарын жарамды күйде және қажетті мөлшерде ұстау;
- өрттен қорғау жүйелеріне қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды жүзеге асыру;
- зақымдалған оқшаулағышы бар электр сымдарын пайдалануға жол бермеу;
- ішкі және сыртқы өртке қарсы су құбыры жүйесін жарамды күйде ұстауға;
- эвакуация жолдарын еркін ұстау;
- жұмыс күні аяқталғаннан кейін электр жабдықтарын токтан ажырату тәртібін анықтау.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -