Алматы облысында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Алматы облысындағы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында екі шығуға арналған жаңа өрт сөндіру депосының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылу салтанатына ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, Алматы облысы ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков және Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.
Сонымен қатар Нарынқол ауылының басшылығы, 12 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамы, қонақтар мен азаматтық қорғау ардагерлері қатысты. Ашылу рәсімінде Рамил Камалов пен Марат Сұлтанғазиев жаңа өрт сөндіру депосының кілтін табыс етіп, өрт сөндірушілерге риясыз қызметі үшін алғыс білдірді.
Бұл өрт сөндіру депосы үлгілік жобаға сәйкес салынған, сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік атқару үшін барлық қажетті жабдықтармен және мүлікпен жабдықталған.
Сонымен қатар олар Кеген ауданындағы жаңа өрт сөндіру депосына барып, төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету үшін заманауи жабдықтар мен инфрақұрылымның маңыздылығын атап өтті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -