Алматы полициясының қатарын жас офицерлер толықтырды
Алматыда 30 полиция қызметкеріне бірінші офицер шендері табыс етілді.
Салтанатты шара Алматы қалалық полиция департаментінде өтті.
– Сіздерді алғашқы офицерлік шенді алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер Алматы полициясының қатарына қосылып, еліміздің ең ірі шаһарындағы тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігіне жауаптылардың бірі болдыңыздар. Қымбатты әріптестер! Әрқашан анттарыңызға адал болыңыздар! Жалпы Алматы полициясының жұмысы әрқайсыңыздың іс-әрекеттеріңізбен бағаланады. Сондықтан әділ, адамгершілікті, жауапты, адал тәртіп сақшылары болыңыздар, – деді Алматы қаласы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -