Алтайдағы кездесу
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесуі Алтай қаласында өтті.
Министр тұрғындардың барлық сұрақтарына Экология және табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік ететін бағыттар бойынша жауап берді.
Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық жағдайдың тұрақты екендігін атап өту қажет.
Өңірде қауіптіліктің 1 санатына жататын 57 оператор жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындар: «Казцинк» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ және басқа да кәсіпорындар.
Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындарының үлесіне шығарындылардың жалпы көлемінің 63% - ы келеді (3,5 мың тоннаның 5,6 мың тоннасы).
Облыста 286 рұқсат етілмеген полигон бар, Оның 198 – І кәдеге жаратылды, бұл 70% құрайды.
2023 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған коммуналдық қалдықтардың үлесі 23,3% -. құрайды, бұл көрсеткіш бойынша өткен жылмен салыстырғанда оң динамика байқалады (16,00%).
Облыстағы атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері ірі өнеркәсіптік объектілер, автокөлік және елді мекендердегі жеке тұрғын үйлерді жылыту көздері болып табылады.
Экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында инспекциялық қызмет 2023 жылы 64 тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижелері бойынша 108 бұзушылық анықталды, олар бойынша оларды жою туралы 40 ұйғарым берілді.
Жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 168 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 360,6 млн.теңге мөлшерінде 146 айыппұл өндірілді. 14,5 млн. теңге сомасына 15 айыппұлды орындауда. Қалған айыппұлдарды өндіріп алу құзыретті органдардың шешімімен тоқтатылды.
Министр кездесуде тұрғындардың назарын 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1-ші санаттағы жаңа ірі кәсіпорындардың ең жақсы қолжетімді технологияларды қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделгеніне аударды.
Анықтамалықтарға сәйкес NDT енгізу қоршаған ортаның жағдайына жағымды әсер етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -